МенСырдыбаева Бегайым 1973жылы 22-қарашада Ыстықкөл облысы, Жетіөгіз ауданы, Сару ауылында орташа
әлеуметтік жағдайдағы отбасында дүниеге келдім. 1980 жылы бірінші сыныпқа
барып, оны 1990 жылы жақсы бағамен тәмамдадым. Орта мектептен кейін сауда
техникумына оқуға тапсырдым, бірақ мұнда түсе алмай, кондитер мамандығы бойынша
білім алдым. Оқуды бітіре салысымен тұрмысқа шығып, ұлды болдым. Күйеуіммен үш
жыл бірге тұрып, ажырасып кеттік. Осы жайт маған өте ауыр тиді. Өмірге неге
келдім, не мақсатпен өмір сүремін, өмірдің мәні неде деген сұрақтарға жауап
іздей бастадым. Өзімді өзім түсінбей, мең-зең халде жүргенімде, 1996 жылы алғаш
Иса жайлы естідім, бірақ естінедеріме қарсылық көрсеттім. Мен Исаны орыстың
Құдайы ретінде танығанмын. «Мұсылманмын және мұсылман болып өлемін» деген пікірді
ұстанып жүрдім. 1996-2002 жылдар өмірім еш қуанышсыз, мақсатсыз өтіп жатты.
Бірақ жүрегім ізденісте болып, тыным
таппай, үнемі белгісіз бір нәрсені күткендей еді. Менің күнәсіз, жамандықсыз,
киелі өмір сүргім келетін, алайда бұл қолымнан келмеді.
2002 жылы
25-қаңтарда Иса жайлы екінші мәрте естідім. Бұған дейін маған ізгі хабарды
жеткізген сенуші адамдар сыйға тартқан Інжілді оқи бастағанмын. Осы жылдың
24-ақпанында Исамен жарасып, тәубеге келдім. Тәубеге келген күннен бастап жерде
іздеп, таба алмаған сүйіспеншілікті, жан тыныштығы мен шынайы бақытты Исадан
таптым. «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де
Әкеге бара алмайды» (Жохан 14: ) деген сөздерді жадыма түйіп алдым. Құдай мені
мүлде өзгертті. Менің бойымдағы жаман қасиеттерімнің көбінен арылтып, олардан
бостандық берді. Жан-тәніммен, бүкіл ақыл-ойыммен Оған қызмет етуге бел
байладым. Өмірімнің ақырына дейін Исамен ғана бақытты бола алатыныма көзім
жетті. Енді, міне, Исаға сенуші болғаныма 8 жыл толып қалды. Мен арқылы
әке-шешем, аға-әпкем мен жездем де Исаға келді. Қазіргі уақытта мен «Ақиқат»
қауымының мүшесімін. Құдайдың бізге аманаттаған ізгі хабарын таратып, басқа да
Исадағы бауырластарыммен бірге шамам келгенше Құдайыма қызмет етудемін.