Суббота, 23.11.2024, 06:02 | Приветствую Вас Гость

Наша молодежь


Аты
Тақырып
Саны
Енгізу
Сценкалар
23
Енгізу 180кб
Ойындар



Сценка
Он бой жеткен
1
енгізу42кб
Поэзия



Уағыздар



Әзіл-оспақNew CellNew CellNew Cell
Өмірдегі сұрақтар



Трактаты
New Cell11Енгізу 100кб


      
        

  


 

 

   

Әндер                       

Бір тостаған сүт

Күздің қатты жаңбыры нөсерлете құйып тұр. Үлкен ауыр тамшылар көпірдің үстіндегі шалшық суға тарсылдата құлап, ағаштардың түсе бастаған сарғылт жапырақтарын ұрғылайды. Мұндай суыққа үйренген үлкен үйеңкілер де қатарда тұрған жылы ұядай үйлердің жарқыраған терезелеріне қызғана қарайды. Оларды түсінуге болатын. Көшеде қыбырлаған бір жан жоқ. Тек бір үйдің жанындағы темір торда суға малшынған үлкен төбет сыртқа жабырқай қарап тұр. Ит өзінің қожайындарының жұмыстан оралуын күтіп тұрған еді. Ол қожайындары өзін жылы үйге кіргізіп, дәмді тамақ беретінін білетін. Ақыры ит үйге жақындап келген машинаны көріп, құйрығын қуана бұлғаңдатып қатты үрді.
  Машинадан түскен жас адам итті торынан шығарып, екеуі үйге қарай жүгіріп кетті. Есік соңдарынан тарс жабылды... Он төрт жасар бала Кемел олардың соңдарынан мұңая қарап, суықтан қатып қалған қолымен ауыр сөмкені көтерді де, көңілсіз бос көшемен ары қарай жүріп кетті. Бала өзінің тамағын тауып жеу үшін бірталайдан бері үйден үйге, есіктен есікке барып, әр түрлі тауарларды сатып алуға ұсыныс жасайтын. Міне, бүгін де ол ауа-райының бұзылғанына қарамастан сабақтан орала салысымен үлкен сөмкесін қолына алып, өзінің оңайға түсе қоймайтын еңбегін бастады. Бүгін ол бірнеше көшені аралап қатты шаршады, әрі малмандай су болды, қарны да ашты. Бірақ ол үйге орала алмады. Ауа райының қолайсыздығынан адамдар ештеңе сатып алғысы келмеді, сондықтан табалдырықта көп тұрмай, есіктерін бірден жауып алды. Сол себепті бұл күні ол ештеңе сата алмады. Кемел осы көшедегі соңғы бірнеше үйді аралап өтуді ұйғарды. Ол аштығын ойламауға тырысты, бірақ бұл мүмкін емес еді. «Мүмкін, бір үйдің есігін қағып, тамақ беруін сұрасам қайтеді?»  –  деп ойлады ол. Кемелге бұдан басқа амал қалмаған тәрізді – оның бойындағы күші де сарқылуға таяу еді. Дегенмен ұзақ уақыт бойы осылай істеуге батылы бармады: бірнәрсе сұрауға ұялды, себебі ол өз тамағын өзі тауып жеуге үйренген еді. Ақыры ол тәуекелге бел байлап, жақын жерде тұрған үйдің бірінің есігін қақты. Бірнеше секундтан кейін есік ашылды да, табалдырықта әдемі жас қыз пайда болды. Мұны күтпеген Кемел қатты қысылып, қызарып кетті. Ол өзінің өтінішін мұндай қызға айтуға ұялды. Бір сәтке созылған ыңғайсыз үнсіздіктен кейін Кемел: –Маған бір шыны су бересіз бе? – деп сұрады.   
   –Әрине, – деп жауап берді де қыз емен есіктен үйге кіріп кетті. Бір минөттен кейін ол қолына үлкен бір тостаған жылы сүт алып оралды. Кемел оны әр жұтқан сайын тамсанып, ұзақ ішті. Ол өзінің аш екендігін көрсетпеуге тырысты. Кесе босаған кезде, ол өзін сыпайы көрсетуге тырысып: – Мен сізге қанша беруім керек? – деп сұрады. – Ештеңе де бермей-ақ қойыңыз, – деп жауап берді қыз. – Анам бізді жақсылылық үшін ақша алмауға үйреткен. – Онда мен сізге шын жүрегіммен алғыс айтам, – деді Кемел қоштасарда. Кемел былай шыққан кезде көңілі көтеріліп өзін жақсы сезінді. Ол көшеде келе жатып, қатты жауған жаңбырды да, шалшық суларды да елеместен өзінің қажетіне ғажайып түрде жауап берген қамқоршы Тәңіріне алғыс айта берді. Сол күні Кемел әлгі қайырымды қыз үшін ұзақ мінажат етті... Жылдар өтті. Сол қыз, енді қазір жас келіншек ауыр науқасқа ұшырады. Жергілікті дәрігерлер ауруын  анықтай алмады, сол себепті оған қандай да бір ем де қолдана алмады. Оның халы төмендей берді. Шаралары таусылған дәрігерлер оны қалаға жіберіп, ондағы білікті дәрігерлерден сирек  кездесетін бұл сырқатты емдеулерін өтінді. Дәрігер Кемел Әміров әр қаладан осы дәрігерлер кеңесіне шақырылғандардың қатарында болды. Ол науқастың қай қаладан келгенін естіген кезде, жүрегі бірдеңені сезгендей, көздері жарқырап кетті.
  Жұмыстарын тезірек бітіріп, жас әйел жатқан палатаға асықты. Ол оны бірден таныды. Өзінің жұмыс бөлмесіне оралған ол келіншекті құтқару үшін қолынан келгеннің бәрін істеуге бел байлады. Күндер мен түндерге созылған адам жаны үшін айқас осылайша басталып кетті. Кемел өзінің барлық уақытын емханада өткізіп, үйінде мүлде болмады десе де болады. Айқас жеңіліспен тынған тәрізді кездер де болды, алайда Кемел берілмеді. Жаңа зерттеулер, басқа емханалар мен зерттеу институтынан әкелінген жаңа дәрілер, сондай-ақ дәрігердің науқас үшін жасаған мінажаты өз дегеніне жетті. Өлім жеңілді. «Жазылмайтын ауру» деген диагноз «толық сауықты» деген сөзбен ауыстырылды. Жас келіншек сауығып, ауруханадан шығатын уақыты келді. Кемел кабинетінен аурухананың шағын ауласына қарап отыр. Көктем шыққан кез еді, аула жасыл желек жамылған. Бұйра алма ағаштары әлдеқашан гүлдеген, ал біркелкі етіп кесілген бұталар сәуір айында ғана болатын жұпар иіске бөленген.
  Дәрігердің көңіл-күйі көтеріңкі еді. Бұл жас әйелдің ауруынан сауығуы оның ең алғашқы жеңісі емес болатын, бірақ дәл осы жеңіс алғашқыларына қарағанда оған көбірек қуаныш әкелді. Дәрігер Кемел өзін нағыз жеңімпаз ретінде сезінді. Дүниеде өзінің қызметін одан артық жақсы көретін адам жоқ секілді. Кемел телефон трубкасын көтеріп, көмекшісінің телефонын терді.   –Берік, төртінші палатада жатқан менің науқастың шотын алып келіңізші. Ол бүгін ауруханадан шығады. Бір-екі минөттен кейін кабинетке шотты алып келді. Дәрігер оған қарады да, бұрышына бір нәрсе жазды, сосын қолын қойып, оны апарып беруді бұйырды. Жас келіншек заттарын жинап, үйіне қайтуға дайын отыр еді. Қолына мөрленген қағаз тиген кезде ол не істерін білмеді. Оның өзімен алып шыққан ақшасы әлдеқашан біткен, ал бұл емханаға төлеуге тиісті ақыны өмірінің жартысымен төлеуге тиісті еді. Жас әйел қағазға қарап, оны ашуға батылы бармай, ұзақ отырды. Ақыры, бар күшін жинап, қағазда жазылған шотты көргенде, ол жылап жіберді.
  Бұл сома өзі күткеннен анағұрлым көп еді. Оның көзі жасқа толғаны сонша, өзін емдеуші дәрігердің аты-жөнін оқи да алмады. Өзін-өзі әрең қолға алып, аздап басылғандай болған кезде, ол шотқа тағы да қарады. Тек осы кезде ғана ол қағаздың бұрышында қиғаштай жазылған жазуды көрді. Көзінің жасын сүртіп қайтадан оқыды: «Бір тостаған сүтпен ақысы төленді. Бір қыз мені жасаған жақсылық үшін ақша алмауға үйретті». Келіншектің көзінің жасы моншақтай төгілді. Бірақ бұл қуаныштан төгілген жас еді.
  Ол үсті малмандай су болған баланың табалдырықта тұрған қалпын есіне түсірді. Көздерін көкке қадап, өзінің мұқтажына ғажап түрде жауап берген қамқоршы Тәңіріне мың мәрте алғысын айтып, қайырымды дәрігері  үшін мінәжат етті. Ол құдіретті Құдайдың ұлы сүйіспеншілігі адамның қолы мен жүрегі арқылы жететіні үшін даңқтады.
Бұл оның өміріндегі ең бақытты күн еді.
Форма входа
Іздеу
Күн тізбе
«  Ноябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
біздің сұрақ
Құдай бар ма?
Всего ответов: 56
сайт достары
  • ЗАКОН РЕЛИГИИ В КZ
  • РАДИО ТЕОС
  • ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ
  • ОРТАЛЫҚ қауымы
  • КИЕЛІ КІТАП СҰРАҚТАРЫ
  • ЕХБ КАЗАХСТАНА
  • ЕХБ США