Менің қызметім "шарапат" журналымен байланысты.
Осы қызмет барысында сіздердің сиынуларыңызға өте мұқтажбын. Үмітіміз бір, рухымыз бір бауырластар сиынады деген үміттемін. Мұқтаджықтар: 1. "Шарапат" журналының оқырмандары және хат жазысып өз өнерлерімен бөлісетін, салған суреттерін, әңгіме, тақпақ, жырларын, сөзжұмбақтарын жіберіп тұратын балалар көбеюі үшін. Журналдың материалдарын дайындауға, журналға керекті программаларды үйренуге қабілетті болуға Құдай Иеміз қабілет беруін және үйрететін адамды қарастыруы үшін сиыныңыздаршы. Құдай Иемізге және сиынған бауырластарға шексіз алғсымды білдіремін.
Ізгі тілекпен Айман Қызылбөрікова.
Редактор
Армысыздар бауырластар!
Менің атым Бақыт. Менің жазған мұқтаждықтарымды сіздер оқып, олар үшін шын пейілмен сиынатындарыңызға сенемін және үміттенемін. Егер мен жалғыз өзім сиынсам, әрине, Құдай естиді, бірақ Киелі кітапта айтылған ғой: "Әділ адамдардың сиынуларының күші орасан зор"-деп. Егер де біз бір-біріміз үшін сиынсақ, онда бәрімізге Құдай сенімімізге қарай батасын береді деп ойлаймын.Менің мұқтаждықтарым: 1. Құдаймен қарым-қатынасым қандай жағдайда болмасын үзілмеуі үшін. 2.Күйеуіммен ара-қатынасым әр уақытта дұрыс болуы үшін. 3. Ана ретінде қызыма дұрыс тәрбие көрсетуім үшін. 4. Жеке пәтер алуымыз үшін. 5. Мен "Шығыс Сәулесінде" "Студия"-бөлімінде Құдайға қызмет және жұмыс атқарып жүрмін, әндермен айналысамын, сол әндер қазіргі заманға сай және олардың жүректерін тебірентетін әуендер шықса деп тілеймін. 6. Болашақта сенушілерден музыканттар шықса екен деп сиынуларыңызды өтінемін.
Бахыт Жумабаева (Студио)
Сәлеметсіздер ме бауырластар!
Мен балалармен қызмет етемін. Осы 2010 жылы жаз мезгілінде өтетін балалар демалысы үшін, сіздердің cиынуларыңызды сұраймын. Ал Иса:
«Балалардың Маған келуiне
жол берiңдер, оларға кедергi
жасамаңдар! Құдай Патшалығы
сондайлар үшiн»,* — дедi.
Матай 19:14
Турганбаева Алия
Балалар қызметінің координаторы
Мен Алматы қаласында мүгедектер қоғамында қызмет етемін. Құдай мені таңдап алып осы қызметке орналастырды. Көптеген қиыншылықтар болып тұрады. Мен үшін дұға етулеріңізді сұранамын.
Амирбеков Бақыт.Мүгедектер қоғамында қызмет етуші.
Менің тума туысқандарымның құтқарылуы үшін, ұйғыр халқы үшін, Құдай қызым Нүрияның оқуына батасы мен даналық берсін, бысымызға баспана болсын деп мінәжат етулеріңізді сұранамын.
Құрбанбибі Қожаева
Алматы.
Егерде сіздерде дұға мұқтаждықтарыңыз болса, оны осы жерден көргілеріңіз келсе, онда бізге жазып жіберіңіз
36. Откр.1:5 Жоханнан Азия
аймағындағы жетi қауымға
дұғай сәлем: әрдайым бар,
мәңгi болып келген және
болашақта келетiн (Құдай Ие),
Оның тағының алдындағы жетi
Рухы