Мен Меңлібаев Рақым 1979 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келдім. Жанұяда ата-анам, бір қыз екі ұлмыз. Үйдің кенжесі болдым. Әкем мен анам қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарды. Анам, күні бойы біздің қамымызбен аянбай жұмыс істеумен болды. Ал әкем араққа салынып, тек сыртта жүрумен уақыт өткізетін. Оның бұл жағдайын көріп, өте қатты қиналатынмын. Үйде анам мен әкем арасында ұрыс-жанжал уақыт өткен сайын өрши түсті. Олар еш тіл табыса алмайтын. Осы жағдайдың бәріне көз жұма қарағым келді. Бір пайдасы болар деп, жасөспірім болсам да, әйтеуір «Құдай Тағала бар» – деген оймен, 12 жасымда «Медресені» оқып, Құдайды жақынырақ білгім келді. Бірақ, өтетін діни сабағымыз араб тілінде және тек жаттап қана қоятындығымыздан, көп жайттар түсініксіз және ашылмайтын құпия ретінде қалды. Мен үшін «Медреседе» оқуым, молдалардан үйренуім, улкен «бедел» (авторитет) еді. Діни ұстаздарымыздың «айтқаны бір басқа, істегені құр қасқа» болғандықтан, менің ол ойым түбегейлі өзгерді. Әкем әрқашан маған: – Балам өтірік айтпа, ұрлама, – деп тәлім беретін, бір-ақ оның да ісі, айтқан сөзіне сай келмейтін, ол әрқашан да өтрік айтып, ішімдікке салынатын. Үйде әрқашанда дау, жан-жал болатын. Ақыры анам мен әкем 1992 жылы ажырасты. Мен сол уақыттан бастап бұзыла бастадым. Ата-анамның мейірімділігін, тәрбиесін алмағандықтан болар: қатыгез, мейірімсіз, аяушылықты білмейтін, бұзақы бала болып өстім. Сол уақыттары тек дала кезумен уақыт өткіздім. Анам екеуміз көптеген қиыншылықтардан бас кештік, жалға пәтер алып, анам күндіз түні жұмыс істейтін. Ал менің пайдамнан гөрі, зиянып анама көп тиетін. Әрқашанда бірлескен бұзақылар тобымен (яғни менің сол кездегі түсінігім бойынша, достарыммен) бірге: біреуді ұрып кету, қорқытып-үркітіп ақшасын тартып алу, төбелесу жиі болып тұратын. Тіпті қан-қан болып, уақытша темір-тордың ар жағында да болған күн кештім. Бұл жасаған қылмысым күнә-ау деген ой, менің ойыма да кіріп, шықпады. Өйткені, біз өзімізді керемет, ең ақылды, бар мәселені жұдырықпен шеше салатын мықтыдай сезіндік. 1996 жылдары мен қылмыс жасап өзімді танымадым, көптеген достарым бар еді, бірақ басыма іс түскенде олар менің жанымнан табылмады. Өздерінің қара басын ойлап, ата-анасымен берер ақшаларын беріп, құтылып кетті, ал мен көзім жәудіреп қалдым. Сонда, менің «дос» дегеннен қатты көңілім қалды. Біраз уақыттан соң, менің де анам өйтіп-бейтіп мені шығарып алды. Қиналған мүшкіл халіміз одан бетер төмендей берді. Үйдегі әпкем мен ағам өзінше бір мәселе еді. Осыншама жағдайдан кейін, мені көптеген сұрақтар толғандыра бастады: – Неге менің әкем-шешем ондай? Неліктен достық жалған? Неге Құдай маған қиыншылықтар жібереді? – деген сұрақтар менің жүрегімді мазалайтын. 1997 жылы менің ағам, қолында «Киелі Інжіл» кітабымен үйге келді.Сонда маған: Құдай мені сүйетінін, Ол мейірімді, шынай дос екенін айтқанда, мен оның сөзіне үзілді-кесілді қарсы болып, онымен ұрсысуға дейін бардым. Оның бұл таңдауы мүлде дұрыс емес, біз ата-баба дәстүрін, дінін сақтауымыз керек – деген ойымды жекізумен болдым. Олар біздің ауданымызда, кішкетай жанұялық жиналыс өтетін. Жиналысқа келушілерге тиісіп, оларға кедергі жасаумен болдық. Бір күні біз, өзіміздің танысымызды сол жерден көріп, қайран қалдық. Оны шақырып алып: – Бұл не істеп жүргенің? Бұл жол дұрыс емес, бұл жерге барушы болма! – деп ақыл айттық. Ол бізге жай ғана қарап: – «Жігітер келіп, біраз Құдайдың сөзін тыңдаңдар және онда Құдайды мадақтайтын гитара бар, – деді”. Біз «гитара бар» деген сөзіне қызығып, оны қалай алсақ деген оймен жиналысқа кіруге келістік. Кіріп барсақ, жүзі жайнаған, күлімсіреген жасы келген кісі сөйлеп тұр екен. Біз өзімізді кереметтей, дүниені тіреп тұрған адамдай жайғаса, отыра кеттік. Ол кісі: «Қазіргі жастар тозаққа бара жатқан жоқ, керісінше, олар жүгіріп бара жатыр” – деген сөздің жанға тиер, өзіндік мағынасы болды. Ол Құдайдың сөзімен біраз бөлісті. Оның айтқан сөзі, біздің жүрегімізге қатты әсер етті. Осы сөзден кейін шіреніп отырған біз, ойлана бастадық. . 1998 жылы ағам бұл өмірден қайтты, мен үшін үлкен, орны толмас қайғы болды. Өйткені, бұл өмірде маған, қол үшін беруге әрдайым дайын тұратын. Ол маған әрқашанда жақсылық тілеп, менің Құдайға бет бұрып, бұл өмірде үлкен дәрежелерге жетімді армандаумен кетті. Сол сәттен бастап менің өмірім күрт өзгерді. Мен Құдаймен табысып, Исаны Құтқарушы екеніне сеніп, Оны жүрегіме қабылдап, ағам арқылы шынайы Құдай екеніне көзім жетті. Ол мен үшін Құдайға мінәжат еткеніне кәміл сенемін және болашақта ағамен Құдай патшалығында кездесемін. Көптеген туыстарым қарсы шықты, кейбір достарым менен бас тартты. Сол жылдан бастап бұл өмірге қөсқарасым өзгеріп, Құдайға қызмет етуге улкен құлшыныс болды. 2002 жылы осы мақсатта Батыс Қазақстан облысына қоныс аудардым. Ақтөбе қаласында жоғарғы оқы орнына түсіп, сонда бітірдім. Сонда Құдай, Өзінің маған сыйлаған қызын жолықтырды. Біз үйленіп, отау құрдық. Қазір Құдай берген екі сүйкімді қыздарым бар. Біреуінің есімі – Аяулым, ал екіншісі – Айша. Қазіргі уақыта Алматы қаласында тұрып, осында жұмыс істеймін. Құдай әлі күнге дейін, мені тастамай, маған көптеген кереметерін көрсетіп, тәрбиелеуде. Сол өткен жылдар үшін Құдайға шүкіршілік етіп, адамдарға айтатыным: – «Осы уақытты пайдаланып Иеміз Иса Мәсіхке шын жүректен қызмет етіңдер, бұл өмір өткінші, ал Құдай мәңгілік”. Дәуіт пайғамбардың бірінші жырында: Құдайсыздар кенесіне бармайтын, Күнәкар жолмен жүрмейтін, Мазақтаушылармен бірге отырмайтын, Қайта Құдай заңына қуанатын, Күні түні сол туралы ойлайтын Әрбір адам қандай бақытты! Ол мерзімінде жемісін беретін, Жапырақтары еш кеуіп сембейтін, Су жағасында ағашқа ұқсайды Не істесе де ісі табысыз қалмайды. Ал Құдайсыздарда бұлай болмайды Олар жел ұшырған қамбаққа ұқсайды, Құдай сотына ақтала алмайды, Әділдер қауымында орны болмайды. Әділдің қамын Жаратқан ойлайды, ал Құдайсыздың ізі де қалмайды. Әумин
Құдай жүректеріңізден орын алып, сіздерге молынан батасын берсін. Иеміз қайта келер күнін сағына күтіп, Оған қызмет ете берейік бауырластар! Ізгі тілекпен Рахым.