Суббота, 23.11.2024, 08:48 | Приветствую Вас Гость

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Мен Құдайды емес, Құдай мені тапты!
Мен 1941 жылы «Дружба» селосында дүниеге келіп, сонда өсіп-ержеттім. Бар өмірім осы селода өтті. 1946 жылы күйеуге шығып, бала сүйдім. Бірақ, көп ұзамай, 1975 жылы күйеуімді өлтіріп кетті. Кішкентай екі баламен жалғыз қалып, оларды өсіріп, бағып-қағу жолында көп ауыртпалықтың дәмін таттым. Уақыт өте келе, балаларым да тұрмыс құратын жасқа жетті: ұлым үйленді, қызым да күйеуге шықты. Ұлымның тұңғышы, немерем 1 жасқа келгенде, ұлым азғындыққа толы жолға түсіп кетті. Біреуге қарыздар болып, оны өтеу үшін үйді сатуға мәжбүр болдық, үйсіз-күйсіз далада қалдық. «Неліктен бірінің артынан бірі, осынша қасірет  менің мойныма түсті? Неліктен бұл жағдайлар дәл менімен болуы тиіс?» деген сұрақтар санамнан кетпей, мазалай берді. Оларға жауап іздеуден де шаршаған едім...

Осы кезде ұлыма сенуші адамдар жолығып, оған Құдайдың сүйіспеншілігі, Оның біздің күнәларымыз үшін өліп, қайта тірілгендігі жайлы айтыпты. Кейіннен олар бірнеше рет біздің үйге де келді, жиналыстарына шақырды. Ұлым екеуміз 2 рет қауым жиналыстарында болған соң, ол сотталып, абақтыға жабылды. Күні-түні жылаудан көз ашпай, «неге, неге?» деген сұрақтан арыла алмадым. 7 ай уақыттан соң, ұлыма абақтыға барғанымда, оның жаман әдеттерінен арылып жұмыс істей бастағанын естіп, қатты қуандым. Сенуші бауырластарым ұдайы мен үшін дұға ету үстінде еді, болған жағдайды олармен бөлісіп, Құдайыма алғыс айттым.
2 жылдан кейін ұлым абақтыдан босатылып, жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта үлкен бір фирмаға басшылық етуде. Әрдайым жанымда болып, мені қиын-қыстау кездерде жетелеп, қорғап демегені үшін, маған деген сондай сүйіспеншілігі үшін Тәңірім Исаға ризалығымды білдіремін. Әйтеуір, бір күні балаларым мен, немерелерім де Исамен жарасатынына кәміл сенемін.

 

Тропа ведущая к Тебе

Держи меня Господь в своих руках,

Вся жизнь моя Тебе принадлежит.

Когда Ты рядом, мне не ведом страх,

Пою псалмы и голос не дрожит.

 

Благодарю за светлый, млечный путь

За смех детей и внуков воркотню.

Что в спокойствии могу уснуть

И просыпаясь, радоваться дню.

 

Благодарю за жертвенную кровь,

И за грехов распятие на кресте.

За совершенную Твою любовь,

И за тропу, ведущую к Тебе.

«Ақиқат» қауымы мүшесі Шарбан апа

Категория: Мои статьи | Добавил: akikat (18.04.2010) | Автор: Шарбан апа
Просмотров: 1226 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Категории раздела
Мои статьи [3]
Куәліктер [1]
Іздеу
біздің сұрақ
Құдай бар ма?
Всего ответов: 56
сайт достары
  • ЗАКОН РЕЛИГИИ В КZ
  • РАДИО ТЕОС
  • ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ
  • ОРТАЛЫҚ қауымы
  • КИЕЛІ КІТАП СҰРАҚТАРЫ
  • ЕХБ КАЗАХСТАНА
  • ЕХБ США