Вторник, 09.07.2024, 02:02 | Приветствую Вас Гость

Каталог статей

Главная » Статьи » Куәліктер

Менің аты-жөнім Нұрқайдарқызы Айман
  1. Айман апай, сәлеметсіз бе? Отбасыңыз аман, мал-басыңыз тыныш болғай.

– ***

  1. Алтын уақытыңызды ұрлап, мазалағаным үшін үлкен кешірім өтінемін. Мазаламайын-ақ деп едім, бірақ сіздің жұмбақ бейнеңіз бен мінез-құлқыңыз оған жол бермеді.

        ***

  1. Ол қандай жұмбақ дейсіз ғой, бізді таңдандыратын да, ойландыратын да нәрсе – қандай жағдай болмасын, сіздің бәріне мойынсұнып, ешқашан ашуланбайтындығыңыз. Осы мінез бойыңызға ана сүтімен қалыптасқан қасиет пе? Әлде сабырлы, момын болудың басқа да жолдары бар ма? Сол құпияңызды бізбен бөліссеңіз.

        ***

4. Енді өз өміріңізді, мінезіңізді өзгерткен Иса Мәсіх жолына қалай келгендігіңіз жайлы білгіміз келеді.

– Менің аты-жөнім Нұрқайдарқызы Айман. Мен 1968 жылы Кеген ауанының Қарқара ауылында дүниеге келдім. Біздің отбасымызда он бала бар. Менің анам жанұясындағы жалғыз қызы болғандықтан, нағашы әжем бізбен бірге тұратын. Осы әжемнің әкесі үлкен молда болған кісі екен. Сондықтан әжем күніне 5 уақыт намаз оқып, салтты қатты ұстанған.  Төсегінің басында, биіктеу жерде, дорбаға салынған құран кітабы ілініп тұратын. Әжем бізге ол кітапқа тисуге болмайды деп жиі есімізге салып отыратын. Әке-шешеміз күні бойы жұмыста болғандықтан, біз үйде әжемізбен қалатынбыз. Ол кісі намаз оқып отырғанда ешқайсымыз мазасын алып шуылдамайтынбыз.

            Әжем араб тілін білетін, ұйықтар алдында ол бізге араб тілінде жырлар жаттататын.

            Біз оқып жарысатынбыз. Бірақ мен әлі күнге дейін сол жырлардың мағынасын түсінген емеспін. Біздің отбасымызда намазды киелі деп санағандықтан, біз оны қасиеттеп, құрметтейтінбіз. Егер біреу-міреу ұзақ жолға шықса, не болмаса басқа да ерекшк жағдайларда құмалақ ашуды әдетке айналдырып алдық. Әжем, шешем, әкем және басқалары да құмалақ аша алатын. Осындай адамдардың арасында, осындай ортада өскендіктен, мен құмалақ ашатын адамдарға Құдаймен сөйлесе алатын ерекше жандар ретінде қарайтынмын.

            1990 жылы тұрмысқа шықтым. Аягөз ауданының Ғаббасов ауылында мен енеммен, күйеуіммен және оның бауырларымен бірге тұрып жаттым. Күйеуімнің әкесі ерте қайтыс болған екен. Сондықтан да күйеуімнің бауырлары бірін-бірі жетелеп, тәрбиелеп өскен.

            Күйеуімнің атасы атақты молда екен. Сондықтан да олардың жанұясында дінге аса мән берген. 1994 жылы Алматыға барып жұмысқа орналасып алғанша біз бір қызымызды күйеуімнің анасына тастап, екінші қызымызды өзімізбен бірге алып кеттік. 1997 жылы мен алғаш рет Құдай үйіне келдім. Онда аптаның ортасында өтіп жатқан жиналыстарға тап болдым. Алайда, онда тыңдағандарымнан еш нәрсе түсінбедім. Құдай жайындағы әндерді тыңадым. Ол әндер маған кәдімгі әндерден ерекше көрініп, өте ұнады. Еш нәрсе түсінбесем де, осы жерге тағы да келгім келді. Мен барлық жиналыстарға қатыса бастадым. Жан-жағымдағы адамдар қуанышты болып жүретін. Ал мен қуанған да, таңғалған да емеспін. Бір күні жиналыс үстінде бір жас жігіттің: «мен жоғалған қоймын» деп солқылдап жылап шығып кеткенін көрдім. Ол Құдай өзін тауып алғаны үшін Оған алғыс айтты. Бұдан басқа да тағы бірдеңелерді айтып жатты, бірақ менің есімде жоқ. Ол орнына қайта оралған соң, адамдар оны құттықтай бастады. Біреулер ортаға шығып ән айтты. Мен сол ештеңе түсінбеген қалпымда үйіме оралдым. Келесі бір жиналыста бір әйел менен «бәрі түсінікті ме?» деп сұрады. Мен түсінбейтінімді айттым. Олар маған тәубеге келмесе, мұны түсіну мүмкін еместігін айтты. Сондықтан мен тәубе етуге бел будым. Бағушылар мені тәубе етіп сиынуға шақырды. Мен сиындым. Сонан соң бәрі мені құттықтады. Мен үйіме келдім, бірақ еш нәрсені түсінбедім. Екі айдан кейін суға шомылдыру рәсімі болды. әр түрлі ұлттардан құралған 57 адам суға шомылдырудан өтті. Мен үйге түнгі кезекті жүмістан келдім. Сонан соң күйеуіме менімен бірге көлдің қасына баруын өтіндім. Ол қарсы болған жоқ. Көлге баратын жолды сұрастырып, сол жерге келдік. Баратын орнымызға жеткен соң, қалың тобыр адамдардың келе жатқанын көрдік. Біз де солардың соңынан ердік. Шомылдырылудан өтетіндердің барлығы әппақ болып киініпті. Судың жағасында уағыздар айтылды. Сол сәтте менің жүрегім мазасыздана берді. Осы адамдармен бірге тұрмай, қалап қалғаным үшін толқып, жылай бердім. Сол кезде неге жылағанымды өзім де білмеймін. Тек қана іштей: «Құдайым, мен күнәкарды кешір», – дей бердім. Сол күні маған Құдайдың жаратылысы ашыла түсті. Өзім табиғаты тамаша өлкеде туып-өссем де, табиғаттың әдемілігіне назар аударған емеспін. Жұмыстан түнде, жай оралғаныма қарамастан, сол түні көз ілмей, айналамдағы табиғат жайлы ойландым. Жүрегімдегі қуанышымды сыйдыра алмадым. Сол түні алғаш рет Киелі Рухқа кенеліп, поэма жаздым. Жексенбі күнгі жиналыста оны оқып бердім. 1998 жылдың 28 қаңтары күні шомылдыру рәсімінен өттім. Сол кезден бастап Тәңір мені Иса Мәсіх салған жолмен жетектеп келеді. Туыстарымызбен, достарымызбен, кейбір сенушілермен болатын әр түрлі жағдайларда Құдай Өзі жетектеп келеді. Жиналыста отырған кезде мен күйеуім де осы жерге келіп, ең құрымағанда осы киелі үйдің босағасында болса да отырып Құдайдың сөзін тыңдаса ғой деп тілеуші едім. Ал енді Құдай сұрағаныңнан әлдеқайда асырып беретініне еш күмәнім қалмады. Құдайдың жетелеуімен біз жанұямызбен бірге Құдайға қызмет етудеміз. Мен үшін ең бақытты сәттерім – балаларға Ізгі хабар айту, олармен бірге болып, оларға құтқарылу жолын нұсқау. Қазір жексенбілік мектептегі топтарға барып сабақ беремін, балалар лагеріне бағдарламалар құрастырамын – осының барлығы үшін, Құдай маған осы қызметті сеніп тапсырғаны үшін Оған шексіз алғысымды айтамын. Ол бастаған ісін соңына дейін жеткізеді. Оның қызметі барлық адамдарды құтқару. Егер мен бас тартсам, Ол менің орныма басқа адамды қояды, бірақ мен бас тартсам Оның батасына кенелмеймін ғой. Мен бас тартпаспын. Менің жанұямның ең маңызды қызметі енді басталды. Мен не үшін өмір сүретінімді білемін. Иса Мәсіх Қазақстандағы барлық халықты, соның ішінде менің жерлестерім мен туыстарымды құтқаруы үшін сиынып жүрмін. 

 

  1. Қазір отбасыңызда екі қызыңыз бен ұлыңыз Ілиясты тәрбиелеп отырсыз. Өзіңіз сияқты жарыңыз да сенуші, қауым жетекшісі. Сіздер бала тәрбиесін қалай қолға аласыздар?   

        ***

  1. Халық айтса қалып айтпайды ғой. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны рас. Мәсіхшілер жанұясы ретінде бұған не дер едіңіз?

– ***

  1. Әңгімеңізге көп рахмет. Құдай сіздің патша жүрегіңіздің қалауын берсін! 
Категория: Куәліктер | Добавил: akikat (04.05.2010)
Просмотров: 2330 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Категории раздела
Мои статьи [3]
Куәліктер [1]
Іздеу
біздің сұрақ
Иса Ол кім ?
Всего ответов: 64
сайт достары
  • ЗАКОН РЕЛИГИИ В КZ
  • РАДИО ТЕОС
  • ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ
  • ОРТАЛЫҚ қауымы
  • КИЕЛІ КІТАП СҰРАҚТАРЫ
  • ЕХБ КАЗАХСТАНА
  • ЕХБ США