Вторник, 09.07.2024, 02:37 | Приветствую Вас Гость

Блог

Главная » 2010 » Апрель » 15 » Қонақ келсе құт келер (Біздің тілші Рамазан Назерке)
14:29
Қонақ келсе құт келер (Біздің тілші Рамазан Назерке)

Ата-баба мұрағаты «Қонақ келсе құт келер» – демекші, қонаққа келуші әр мейманның көңілі таза, күтушінің ісі адал болса ғана қонақтың көңілі тоқ болып, сол үйге құт – берекенің енетіні анық. Міне, қазіргі таңда да осындай қонақжай қазақ өз санын жоғалтқан жоқ. Бұған мысал: ақпан айының 14-ші жұлдызында «Ақиқат» қауымы жастарының ұйымдастырылуымен жастардың басын біріктіру, Құдайға мадақ ету, қызметтерімен бөлісу мақсатында өткізілген ғажайып кеш. «Сүйіспеншілік» күнінің де бұған дәлме-дәл келуі кештің қызықты өтуіне бірден-бір себепші болды.

«Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді,

Ол еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңдаңбайды.

Ол әрдайым қорған болып, ұдайы сенеді,

Үмітін еш үзбей, бәріне де шыдайды.

Сүйіспеншілік ешқашан да сарқылмайды».

Сол себепті махаббат тақырыбында яғни мәсіхшілер арасындағы махаббат, Құдайдың махаббаты, махаббаттың түрлері жайында ауқымды пікір – алмасулар етек алды. Өткізілген бұл кеш көптеген пікірлердің айтылуымен қоймай, терең ойларға, өмірлік қағидалар мен ұстанымдар жайлы сабақ алуға септігін тигізді. Жиналған жастар мұнымен тосылмай, кештің жалғасын қызықты ойындар мен куәліктердің айтылуымен жалғасын тапты. Айтылған тақырыптар келуші қонақтардың сезімдерін селт еткізбей қоймады. Қонақтардың түйгендері көп болса керек. Солармен біраз сұхбатымызда алған жауабымыз: (Рахымжанов Жақсыбай 19 жас, студент)

-       Жақсыбай Сіздің ойыңызша осындай мерекелерді жиі өткізіп тұрудың пайдасы бар ма?

-       Әрине. Себебі көптеген қауымдардан келген қыз-жігіттер бір-бірімен танысып, алдағы уақытта өмірлік серіктерін осылай кездестіруі әбден мүмкін. Осының арқасында олар алдарына мақсат қойып, Құдай жайында басқаларға куәлік ететін болады.

Рахмет саған Жақсыбай. Шынымен де сенің пікіріңді сараптап көрсек, нәтижелі жемістерге әкелетін іспетті.

 

-       Сәлеметсіз бе? Сізге қоятын біраз сауалдарым бар еді. Алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз.

-       Менің есімім Дінмұхаммед. «Бірлік» қауымының жастар жетекшісімін.

-       Алдағы уақытта осындай жастар жиналысын өткізіп тұруға қалай қарайсыз?

-       Иә, негізінде өткізіп тұрған дұрыс. Біріншіден, жастармен кездесулерден жігер аламыз, екіншіден, бір-біріміздің бойымыздағы жақсы қасиеттірімізді көріп, үйренуге тырысамыз. Бір жағынан тамаша рухани демалыс. Дегенмен, барлық нәрсенің жаман және жақсы жақтары болады. Біздер негізінде сенушілермен тез түсінісетіндіктен, солармен қарым-қатынаста болғанды ұнатамыз. Бірақ сенбеушілермен де кездесулерімізді тоқтатпағанымыз дұрыс.

-       Яғни, оларды осындай жиындарға шақыруымыз керек дегіңіз келеді ғой?

-       Жоқ, міндетті түрде шақыру емес, біз оларға өзіміз бірінші болып қадам жасауымыз керек: олармен дос болу, қызығатын нәрселерін ескеру. Мысалы, мен бильярд ойнағанды ұнатамын. Сондықтан, жастар көп жиналатын орталарды да Ізгі хабар бағытында пайдалануға болады. Қашан да уақыт жетпей жатады, бірақ уақыт табуға тырысуымыз керек.

-       Ал жастардың қызметі жайында не дейсіз?

-       Бұрынғысын білмеймін, өзімнің жастармен жұмыс істегеніме біраз ғана болды. Негізінде қызмет алға жылжуда, ояныш бар.

-       Оған қандай дәлелдер келтіре аласыз?

-       Басқа қауымдар жайлы айта алмаймын. Өз қауымымда көптеген өзгерістер болып жатыр, жастардың қызметке құлшынысы артуда. Жалпы айтқанда қозғалыс бар. Шәкірттік қызмет басталды. Өзіміздің жоспар бойынша әркім осы жылы шәкірт дайындауға мақсат қойдық.

-       Өз ойыңызбен бөліскеніңізге үлкен рахмет!

 

Құдайды қастерлейтін, шынайы махаббатты бағалай білетін, Құдайдың махаббатын басқалармен бөлісе алатын, басқаларды жігерлендіріп, қолдау көрсететін жастар лайым көбейе берсін. Аумин!

Рамазан Незерке

Просмотров: 6955 | Добавил: akikat | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Форма входа
Іздеу
Күн тізбе
«  Апрель 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Архив записей
біздің сұрақ
Құдай бар ма?
Всего ответов: 56
сайт достары
  • ЗАКОН РЕЛИГИИ В КZ
  • РАДИО ТЕОС
  • ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ
  • ОРТАЛЫҚ қауымы
  • КИЕЛІ КІТАП СҰРАҚТАРЫ
  • ЕХБ КАЗАХСТАНА
  • ЕХБ США