Вторник, 09.07.2024, 01:39 | Приветствую Вас Гость

Блог

Главная » 2010 » Март » 5 » Хан мен қойшы
15:24
Хан мен қойшы
Хан мен қойшы

           Алыс елдердің бірінде бір хан өмір сүріпті. Қайтыс болардың алдында оның жаны жабырқап, қайғыға батып:

                       - Мен өмірімде бәрің көрдім, дүниеде мен көрмеген, адам көзіне

ілінетін ешнәрсе қалған жоқ. Өмірді тек Құдайды ғана танып білмедім. Оны көргім келеді! – деді.

Сөйтіп хан өзінің уәзірлері мен данышпандарына бұйрық беріп, оларға:

                              -  Егер маған Құдайды көрсетпесеңдер, барлықтарыңды

зынданға отырғызамын. Менің бұйрығымды орындау үшін сендерге үш күн мерзім беремін,  -  деді.

С               Сарай қызметкерлерінің ұнжырғалары түсіп, қайғыға батты. Үшінші күні мерзімі жеткенде, тал түс кезінде хан оларды шақыртып алды. Данышпандар мен уәзірлерде  үн жоқ. Ал ханның аузынан бұйрықтың қаһарлы сөздері шығып кетуге дайын тұр. Осы кезде сырттан бір шопан ішке енді де, ханның алдына келіп сәлем беріп, басын иді.  Хан ием, тілегіңізді орындауға рұқсат бере гөріңіз!

-      Жарайды, - деді хан, - бірақ байқа, егер орындамасаң,

басыңмен жауап бересің!

Шопан ханның алаңға шығуын өтінді. Содан соң ол ханға күнді көрсетіп тұрып:

-      Қараңыз! – деді.

-      Хан басын көтеріп, күнге қарағысы келіп еді, бірақ оны

жарқыраған нұрына қарауға көзі шыдамаған ол дереу басын төмен салып:

-      Сен не, - деді шопанға тіксіне сөйлеп, - мені соқыр болсын

дейсің бе?

-      Хан ием, бұл Құдайдың сансыз жаратылыстарының тек бірі

ғана, Оның даңқының кішкентай ған шуағы емес пе? Сіз әлсіз көзіңізбен күнге қарай алмайсыз, Құдайды қалай көрмексіз? Құдайды басқа көзбен іздеңіз, - деді ол.

Бұл ұсыныс ханға ұнады.

-      Тағы бір сұраққа жауп берші: Құдайдан бұрын кім болды?

Шопан біраз ойланып тұрды да:

-      Өтінемін сізден хан ием, тек маған қаһарлана көрмеңіз,

санаңызшы, - деді.

Хан санай бастады.

-      Бір, екі, үш, төрт...

-      Жоқ, жоқ, жоқ, - деп оның сөзін тағы да бөлді шопан, - бірден

бұрын бастап санаңыз.

-      Ол қалайша, - деп қарсылық білдірді хан, - бірден бұрын еш

сан жоқ қой!

-      Сіз ақылды сөз айттыңыз. Құдайдан бұрын да ешнәрсе болған

емес! – деді шопан.

Ханға шопанның ақылдылығы мен тапқырлығы қатты ұнады. Осы жерде ол шопанға тағы да сұрақ қойды:

-      Мен сені сыйлыққа белшеңнен батырамын, тек маған үшінші

сұраққа жауап бер: Құдай не істейді?

Шопан ханның жүрегінің жұмсарғанын көріп, былай деді:

-      Жарайды, мен сіздің бұл сұрағыңызға да жауап берейін, бірақ

сіз менің өтінішімді орындаңыз. Келіңіз киімдерімізді бір уақытқа айырбастайық!

Хан үстіндегі киімін шешіп, оны шоанға берді де, өзі оның шапанын киді. Шопан таққа отырып, қолына аса таяқ алды да:

-      Құдайдың атқаратын ісі, міне, осындай: біреулердің мәртебесін

көтереді, ал екіншіледің мәртебесін төмендетді, - деді.

Содан кейін шопан қайтадан өзінің шапанын киді. Қарапайым шопанның айтқан сөздері оның жүрегіне ұялап қалды. Осы кезде жүрегін қуаныш кернеген хан бар даусымен айқайлап жіберді:

-      Міне, мен енді ғана Құдайды көрдім!

Сол кезден бастап хан Құдайға сенетін болды. Шопанға ол көп сыйлық берді. Сөйтіп шопан өзінің кедейлігін ұмытты. Ал данышрпандарын ха елінен қуып жіберді, өйткені олар данагөйсігені болмаса, ханның астарлы сұрақтарына  жауап беріп, тапқырлық таныта алмады.    

 

Просмотров: 1466 | Добавил: akikat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Іздеу
Күн тізбе
«  Март 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Архив записей
біздің сұрақ
Құдай бар ма?
Всего ответов: 56
сайт достары
  • ЗАКОН РЕЛИГИИ В КZ
  • РАДИО ТЕОС
  • ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ
  • ОРТАЛЫҚ қауымы
  • КИЕЛІ КІТАП СҰРАҚТАРЫ
  • ЕХБ КАЗАХСТАНА
  • ЕХБ США