Вторник, 09.07.2024, 01:49 | Приветствую Вас Гость

Блог

Главная » 2010 » Апрель » 15 » Бақыттың сыры неде?
14:26
Бақыттың сыры неде?

Бақыттың сыры неде?

         Ия, бақыттын сыры неде екен? Ол үшін ең алдымен бақыт дегенге толық жауап беруіміз қажет. Бұл тақырыпта ауқымды да көлемді пікір-алмасулар жүргізуге болады. Себебі, бұл тақырып өзінің қызықтылығымен өз жауаптарын таластататыны ықтимал. Біреуіне бақыт сыры балалықта болса, екіншісіне студенттік өмір, ал басқа біреулер отбасы деп есептейді. Шынымен де осы өмірге келген әрбір адам жеке тұлға. Әркімнің өзінің өзіндік пікірі, ұстанымы бар. Сол үшін де осы әлем сан қилы ғаламаттарға толы. Бұл бір Жаратқанның кереметі. Біздің талқыға салған тақырыбымыз жайында ол не дедейді екен?

Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты:

Құдай Патшалығы сондайлрға арналған. Матай 5:3

        Мінеки, құр алақан тұрсаңда, сен өзіңнің бақытты екеніңді ұмытпа. Себебі сен үшін де көкте бір орынның дайын тұрғаны шаттанарлық жағдай.

          Яғни, бақыт тақырыбы жайында бас қатырмайтын адам жоқ шығар. Қазақ халық ақындары да өз кезегінде былай дейді:

Адамның жетсе өзіне асқан асы,

Тозбаса төбесінде баспанасы.

Құл болмай, қожа болмай жүрсе тыныш,

Бақыт сол, азбас оның астанасы.

        Ақынның пікірі отырған орныңа ризашылық ет, өз орныңды біл дейді. Әркім өз көрпесіне қарай көселгені абзал. Асың адал болып, тапқан таянғаның өзіңе жетсе, сол үшін аса қуануымыз керек дейді – кемеңгер. Менде бұл пікірді мақұлдаймын. Дегенімен менде бақыт дегенді өз санатымнан өткізіп көргенмін. Менің ойымша дүниеге келген әрбәр жан шыр еткен сәттен бастап бақытты. Мен өзімнің он екі мүшемнің түгел болғанына аса бақыттымын. Мен бақытты қолдан жасап алған жоқпын. Оны маған Құдай сыйға берген. Құдай оны әркімге өз мөлшерімен тарту еди. Себебі, бақыттан басы айналып, көтере алмай, сүрінетін жандар қаншама? Ол үшін ең алдымен адамның ойы түзу болса керек. Өйткені ой ақылмен тікелей байланысқа түсіп, әрекетке барады.

Ойыңды қадағала,

Ой сөзге айналады.

Сөзіңді қадағала,

Сөз іске айналады.

Ісіңді қадағала,

Іс әдетке айналады.

Әдет мінезге айналады,

Ал мінез сенің-тағдырың.

 

Мінез біздің өмірімізде өте үлкен рөлге ие. Заман өзгеру үстінде, адамдар да. Бүгінгі күніміз ертенгіге мүлдем ұқсамайды. Қандай ортаға тап болмасақта мінезіміздің бір жағымсыз қыры үшін барымыздан айырылып қалу адамдыққа тән емес деп түсінемін. Сол себептен "Адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім"- деген ұлы Абай сөздері менің жүрегімде үміт шырағын жаққандай болды. Бұл түйінді сөздер жақсылыққа ұмтылу ешқашан кеш емес дейтін тоқталымды түсіндіреді. Өмір сынақ.. Сүрінсекте қайта тұру біздің парызымыз. Өмір сүруші әрбір жан бір кірпіш. Сол бос тұрған кірпіш орнына барып қалану үлкен мақсатқа жетелеп апарады. Биік мақсатқа қол созып, жету үшін естілердің сөзін ескеріп, титтей де құлшыныс етсек Құдай қашанда көмек беруге дайын. Тек қана жамандықпен емес, адамдқпен, адалдықпен іске асырсақ оның арты ақ батаға әкеледі. Ал бата байытады, қайғы әкелмейді. Баталы болсаң, азбассың. Ең бастысы оймыздың таза болғаны жөн.

           "Кірлеген жүрек өз ішін,тұра алмас әсте жуынбай-жақсылыққа жүгініп, жүректей жаман қасиеттердің барлығын сүіспеншілік пен түсіністікке алмастырсақ жарық әлем керемет болмпс па еді?" Қор. 13 тарау. Адамның рухани байлығы ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекке толы болса гүлденген еліміздің одан ары құлпыра түсетіні сөзсіз. Мен бұған нық сенемін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ , нағыз бақыт бір Құдайда. Жүрегіңде кенелген тыныштықта. Адалдықта, адамдықта. "Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей" оған сен, сонда Тәңір Ие сені мәнгілік тыныштыққа бөлейтіні анық . Бақытты болсаң бақытыңды бақытсыздармен бөлісіп үйрен, сонда теңесесін. Тыңдай біл. Тыңдауда үлкен күш бар. Ескере біл, ескерусіз қалмайсың. Кешіре біл, арқаңа ауыр жүк артпа. Қайырымды бол, қанағат қыл, тәубеге кел, сонда сенен бқытты адам табылмас, сірә.

Бақыт:

1. Бақыт деген не өзі дейтін сауал туады,

    Бақыт деген байлықтің артын ғана қуады.

    Десе біреу бақытты басқасының айтары,

    Бақыт деген бүгін бар, еретен-ақ ол солады.

2. Атақ-мансап болса бақыттымын дейді екен,

    Ал біреуі керісінше жейтін асым болса дер

    Ал біреуі киетін киімім болса екен дер

    Сонымен бақыт бар екен, жоқ деп шешкендер

3. Ата-анам бар, бауыр бар,

    Көкірегімде жаным бар.

    Достарым көп, серік бар.

    Он екі мүшем тағы бар.

4. Тыныштық бар орнаған жүрегімде,

    Сол ғана менің бар тілегімде.

    Бақыт бар қазған менің күрегімде,

    Әр таңда оянып мен күлемінде.

5. Жұмбағым бар байлауышқа оралғандай,

    Сол жұмбақта бар бақытым байланғандай

    Сол бір жұмбақ мен үшін сыйланғандай

    Сол арқылы таныштыққа мен жайланғандай.

6. Бір Құдайға белгілі бір өзіме,

    Жұмбақ деп айтамын мен өз сөзімде

    Дәлелдеймін мен оны іс жүзінде,

    Жарық күннің әйтеуір бір күзінде.

7. Бақыттымын алғыс Саған Құдайым,

    Өмір бойы Саған құл болайын.

    Тек қана қолдан алма бақытыңды

    Өйткені Сен білесің бар сырымды.

Назерке Рамазан

Просмотров: 3454 | Добавил: akikat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Іздеу
Күн тізбе
«  Апрель 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Архив записей
біздің сұрақ
Иса Ол кім ?
Всего ответов: 64
сайт достары
  • ЗАКОН РЕЛИГИИ В КZ
  • РАДИО ТЕОС
  • ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ
  • ОРТАЛЫҚ қауымы
  • КИЕЛІ КІТАП СҰРАҚТАРЫ
  • ЕХБ КАЗАХСТАНА
  • ЕХБ США