Пятница, 05.07.2024, 22:59 | Приветствую Вас Гость

Блог

Главная » 2010 » Апрель » 15 » Наша история
12:19
Наша история
Осыдан 20 жыл бұрын, күз мезгілінің шуақты бір күнінде өз өмірімдегі ең маңызды таңдауды жасап, Иса Мәсіхтің шақыруына жауап беріп соңынан ердім. Сенушілер жиналысына шақырып, осыған мүмкіндік жасаған бірге жұмыс істейтін сенуші болатын. Мен ол жерде алғаш рет Құдай сөзін естідім. Өзім ешқашан «Библияны» оқыған емеспін, бірақ ол тек орыстарға арналған кітап деп естігенмін. Дегенмен түрлі жанырдағы кітаптарды көп оқығаныма қарамастан, мінбеде айтылған уағыз менің жүрегіме ерекше тиді. Құдай сөзін тыңдаған сайын, сол сөздер мені өз өмірім туралы ойлануға мәжбүрледі. Осы уақытқа дейін бұған мән бермеген едім. Күн соңынан күндер, жыл соңынан жылдар өз уақытымен жылжи берді. Қиындықтар мен уайымдар орын алмастырып өтіп жатты. Жақсы сәт уақытша ғана өте шығып қайғы мен уайым тұнжырататын. Өзімді өмір әткеншегінде отырғандай сезіндім, ол мені біресе жоғарыға шығарып, біресе төменге түсіретін, осыдан ішкі дүнием бос және қанағаттанбайтын. Бәрін өз күшіммен дұрыстауға тырысатынмын. Нәтижесінде өзіңмен өзің ойнағандайсың. Менің сырт бейнем «менде бәрі жақсы» - дегенді білдіргенмен, ішкі жан-дүниемде не барын ешкім білмейтін. Иса Тәңірім мен Өзі тауып алмағанда, осылай ұзақ жылдар бойы жалғаса берер ме еді. Ол маған сөзі арқылы ашылды. Мен түрлі жанырларды өте көп оқыдым, бірақ тек Құдай сөзі ғана тірі және әсерлі, жүрегің мен жаныңның түкпір-түкпірін жетеді. Сол ғана менің өміріме өзгеріс жасай алды. Киелі жазбаны оқу барысында Құдайдың кім екенін, қандай екенін түсіне бастадым. Құдай қатал, жазалаушы деген мендегі жалған пікір сейіле бастады. Енді Ол маған сүйіспеншіліктің, рақымдылықтың, мейірімділіктің Құдайы, тірі және шындық пен әділдіктің Құдайы, Оның маңыздылығы Киелілігінде екені ашылды. Ол бүкіл әлемге өзінің дана заңын берді, оны орындаған адам бақытты болады.Құдай болмысында күнә бөтен, ал адам болмысы күнәһар болғандықтан күнә адамға билігін жүргізеді. Сондықтан адамзатты күнәдан құтқарып мәңгілік өмір сыйлау үшін Құдай Әке күнәһар жер бетіне Өзінің Рухани ұлы Мәсіхті жіберді. Егерде осындай ақтаушымыз, Киелі құрбандық болмағанда бүкіл адамзат мәңгілік өлімге кесіліп тозақ отына душар болар еді. Мен шынайы ізгі хабарды түсіндім. Менің өмірімнің өзгеру керектігін, құндылыққа қарай өзгеру керектігін түсіндім. Өз өмірімдегі артықшылық деп санаған нәрселердің мәңгілікпен салыстырғанда түкке тұрғысыз бос екенін түсініп, Құдай жағына ауысуға таңдау жасадым. Тәубеге келгенге дейін өмірдің мақсаты мен мағынасы туралы нақты түсінігім болған жоқ. Құдайға бет бұрғаннан кейін Оның әр адамға арналған
жоспары бар екенін ұғындым. Қымбатты достар! Сіздерді ақ ниетіммен шындықты білуге шақырамын. Ол шындық тек Иса Мәсіхте, Оған сенгендер шынайы бостандықты иеленеді. Өздеріңізді алдастырудан, күнәнің құлы болудан бас тартыңыздар. Жүректеріңізді Иса Мәсіхке ашыңыздар, Оған сеніңіздер, өмірлеріңізді Оның
қолына сеніп тапсырыңыздар. Өз өмірлеріңізге өздеріңіз билік жасауды доғарыңыздар, сонда сіздер ең бақытты жансыздар. Егер сіздер әлі осылай жасамаған болсаңыздар, осылай жасауға асығыңыздар, ол сіздердің әрқайсыларыңызды күтеді. Иса жол, шындық және шынайы өмір. Бәрі Сол арқылы жаратылған. Исамен бірге болуға өз таңдауларыңызды жасаңыздар, ешқашан өкінбейсіздер. Сіздердің өмірлеріңіз мағыналы болып қуанышқа толады. Мен «Ақиқат» қауымының мүшесімін. Жақында қауымның 15 жылдық мерей тойын атап өттік. Бұл аз ба әлде көп пе? Егер осы жастағы жасөспірімді алатын болсақ ол әлі өзін көрсете алмайды, себебі қалыптасу, ер жету жолында. Ол өсіп келеді. 15 жыл бұрын аз ғана қазақ тобы болды. Қазір Құдайға шүкір қаншама қазақтар шындықты
біліп Исаның соңынан еруде. Ендігі тілегім Иса туы күллі қазақ жүрегінде тігіліп желбіресе екен!
Тусупова Балқия
Просмотров: 1482 | Добавил: akikat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Форма входа
Іздеу
Күн тізбе
«  Апрель 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Архив записей
біздің сұрақ
Иса Ол кім ?
Всего ответов: 64
сайт достары
  • ЗАКОН РЕЛИГИИ В КZ
  • РАДИО ТЕОС
  • ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ
  • ОРТАЛЫҚ қауымы
  • КИЕЛІ КІТАП СҰРАҚТАРЫ
  • ЕХБ КАЗАХСТАНА
  • ЕХБ США